дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

️Ақсуда қарттарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды

️Ақсуда қарттарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды
Фото: Павлодар облысының прокуратурасы
Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлімдеді

Ақсу қаласында "Қамқор" әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатыгездік көрсету бойынша резонансты іс бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ақсу прокуратурасының бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде зорлық-зомбылықтың жантүршігерлік фактілері тіркелген.

"Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлығындағы адамдарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз көшеде қалдырып, оларға суық тию және азап шегу сынды қауіп төндірген.

Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар