сенбі, 26 шілде, 2025 8:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айбек Оралбай – Әлем кубогының алтын жүлдегері

Айбек Оралбай – Әлем кубогының алтын жүлдегері
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Германия өкілі Никита Путиловпен кездесіп, өз шеберлігін толықтай көрсетті. Жекпе-жек барысында Айбек бастан-аяқ қарсыласынан басым түсіп, тактикалық және техникалық артықшылықтарын айқын аңғартты. Төрешілер шешімімен таза жеңіске жеткен боксшы финалды сенімді түрде аяқтады.

Айта кетейік, Айбек Оралбай бұған дейін де халықаралық ареналарда ел намысын лайықты қорғап жүрген спортшылардың бірі. Бұл жолғы жеңісі оның спорттық жолындағы тағы бір маңызды белес екенін көрсетіп отыр.

Оралбайдың бұл жеңісімен бірге Қазақстан құрамасы жалпы есепте 8 алтын, 4 күміс медальмен сәтті нәтиже көрсетті. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар