
Бірер күн бұрын Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Жасөспірімдер лигасына қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі өтті. Аталған додада биыл «Қайрат» клубының жасөспірімдер командасы бақ сынайды.
Жеребе қорытындысы бойынша «Қайраттың» 1/32 финалдағы қарсыласы Молдованың «Шериф» клубының жастары болады. Екі ұжым арасындағы матч Молдовада өтеді. Турнир ережесіне сәйкес жеңімпаз команда тек бір ойын нәтижесі бойынша анықталады. Плей-офф кезеңінің алғашқы сатысындағы ойындар 2 және 3 наурыз күндеріне белгіленген.
Жарыстың 1/32 және 1/16 финалдық кезеңінің матчтары екі бағытта жүргізіледі. Алғашқысы әр елдің чемпиондары арасында, екіншісі Чемпиондар лигасы жолымен жүзеге асады. Ал 1/8 финалдан бастап жолдар біріктіріледі. Айта кетейік, Алматының «Қайраты» былтыр ел чемпионатында топ жарғандықтан, оның жас футболшылары әр елдің чемпиондарымен күштіні анықтауға қатысады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылдық 21 оқушы "Зерде" олимпиадасында жүлделі болды
Ұқсас жаңалықтар
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 2 мамыр, 2025