жұма, 22 қараша, 2024 14:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үшінші жекпе-жегіне дайындалуда

Үшінші жекпе-жегіне дайындалуда
ашық дереккөзі
Үшінші жекпе-жегіне дайындалуда

Бокстан Қазақстан құрамасының капи­таны, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоң­қабаев ақпан айында өзінің кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізбек. Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді.

Жуырда ғана АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қатысып келген Қоңқабаев елге келе сала, кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр. «Жоспар бойынша ақпан айының соңында кәсіпқой мансабындағы үшінші жекпе-жегім өтетін болады. АҚШ-тан келген бойда соған дайындық үстіндемін. Одан кейін ұлттық құрамамен бірге халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. Германия, Испания, Болгария елдерінде турнирлер өтеді. Қайсысына қатысатынымды бапкерлер уақыты жақындағанда жариялайды. Айта кетерлігі, биылғы маусымдағы бар жұмыс ең басты мақсатым – Олимпиада чемпионы атану үшін жасалады», дейді боксшы.

Қамшыбек Қоңқабаев және ұлттық құра­маның өзге де боксшылары аға жаттықтырушы Марат Жақиевтің басшылығымен АҚШ-та екі апталық жаттығу жиынын өткізді.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар