жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан күресшілері Венгрияда өткен турнирде жүлделі орындарға ие болды

Қазақстан күресшілері Венгрияда өткен турнирде жүлделі орындарға ие болды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық балуандар аталмыш турнирде 7 медальға қол жеткізді.

 Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен "Polyák Imre & Varga János Memorial" турнирі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль еншіледі. Ал Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальға ие болды.

Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміске қол жеткізсе, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар