Жамбылда балаларға арналған мәдени-тарихи экскурсия өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 шілде, 2025
- 532
Тараз қаласында №3 мектеп-лицейінің оқушыларына өңірдің мәдени және тарихи орындарына танымдық экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.
Іс-шара Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен өтті.
Оқушылар Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі — 1931 жылы құрылған Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. Мұнда олар өлкеміздің мыңдаған жылдық тарихынан сыр шертетін экспонаттармен танысты. Әсіресе ежелгі түркі жазбалары мен тас мүсіндер павильоны оқушылардың қызығушылығын оятты.
Сондай-ақ, балалар Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа арналған естелік бұрышпен танысты. Сапар барысында оқушылар Айша-Бибі кесенесіне де барды. Мұнда аңызға толы махаббат хикаясы мен ортағасырлық сәулет өнерінің ерекшелігі жайлы мәлімет алды.
— Біз балаларға есірткінің зияны туралы айтып қана қоймай, олардың назарын әлдеқайда маңызды құндылықтарға — тарихқа, мәдениетке, нағыз батырлардың ерліктеріне аудартуымыз қажет деп есептейміз. Сонымен қатар бұл — жазғы демалысты пайдалы әрі танымдық тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолы. Балалар бос уақытын пайдалы нәрселермен өткізсе, зиянды әдеттерге деген қызығушылығы болмайды деп ойлаймыз,- деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асқар Жұмабеков.
Күн соңында балаларға балмұздақ таратылып, экскурсия әсерлі әрі көңілді аяқталды.
Күреңбелде ауызсу жүйесі жаңартылуда
Ұқсас жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025





