Спорт
Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Португалиядағы турнирді аяқтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қараша, 2025
- 201
Қазақстандық теннисшілер жекелей, жұптық және аралас санаттарда қарсыластарына жол берді.
Үстел теннисінен Португалияда өтіп жатқан WTT Feeder Vila Nova de Gaia 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы өз өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Владислав Захаров бір ғана жеңіске қол жеткізді. Ол колумбиялық Дэниел Крузды ұтты. Алайда келесі кездесуде қарсыласына есе жіберді.
Осылайша, Захаров, сондай-ақ Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова және Жанерке Көшкімбаева турнирді жүлдесіз аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов 1/8 финалға жолдама алды
- авторБақытжан Бекболат
- 7 желтоқсан, 2025






