Спорт
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қаңтар, 2026
- 207
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда америкалықтар София Кенин — Дезире Кравчикпен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп сәтті ойнады — 7:6 (7:5).
Екінші сетте Данилина — Крунич тай-брейкке дейін жеткізген жоқ — 6:4.
Сағат жарымға созылған бәсекеде А.Данилина — А.Крунич 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Кенин — Кравчик 3 эйс, 2 брейкпен шектелді.
Анна Данилина — Александра Крунич ірі доданың жартылай финалына шығу үшін ресейліктер
Екатерина Александрова — Мирра Андреевамен таласады.
Келесі мақала
Бүгін еліміздегі екі облыс арасында жер сілкінісі болды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында үздік бестікке енді
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қаңтар, 2026






