сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 0:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қар, бұрқасын және көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қар, бұрқасын және көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
istockphoto.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Синоптиктердің мәліметінше, 06–08 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс бағыттан бірнеше циклон ығысып, жауын-шашынның кезекті толқынын алып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соның салдарынан елдің бірқатар өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалады.

Республиканың батыс өңірлерінде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады. Көктайғақ құбылыстары күтіліп, жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіп артуы мүмкін. Сонымен қатар бұл аймақта ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы болжанып отыр: түнде 5–16° аяздан 0–8° аязға дейін, ал күндіз 10° аяз – 3° жылыдан 3° аяз – 8° жылыға дейін көтеріледі.

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Бұл өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнгі уақытта 3–16° аяздан 10–25° аязға дейін, күндіз 1–11° аяздан 5–15° аязға дейін суытады.

Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Бұл аймақтарда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді: түнде 1–16° аяз, күндіз 0–10° жылы, ал таулы өңірлерде түнгі уақытта 0–10° аяз сақталады.

Жалпы республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар