сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 0:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: 2026 жылы Қазақстан энергетикасы цифрлық жобалардың ауқымын кеңейтеді

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: 2026 жылы Қазақстан энергетикасы цифрлық жобалардың ауқымын кеңейтеді
gov.kz
Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрліктің тәсілі эксперименттік әзірлемелерге емес, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы пилоттық жобаларды іске асыруға негізделген.

Қазіргі уақытта салада үш негізгі практикалық кейс жүзеге асуда:

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, электр беру әуе желілерін ЖИ-дефектоскопиялау. Компьютерлік көру және машиналық оқыту технологиялары 4K-камералар, жылу анықтау және лидар жүйелерінен алынған деректер негізінде тірек конструкциялары мен сымдардағы ақауларды, қызып кетулерді, деформацияларды және басқа да жасырын тәуекелдерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Акустикалық резонанс технологиясына негізделген жылу желілерінің роботтандырылған құбырішілік диагностикасы. Бұл шешім жүйені ашпай-ақ және тоқтатпай-ақ құбырлардың жай-күйін нүктелік бағалауды қамтамасыз етеді.

Газ саласына арналған ЖИ-ассистент, ол мобильді қосымшада түсірілген фотосурет арқылы газ есептегіштердің көрсеткіштерін автоматты түрде таниды. Бұл адам факторын азайтып, есепке алудың дәлдігін арттырады.

Аталған шешімдердің барлығы пилоттық режимде апробациядан өтіп, жоғары тиімділігін көрсетті: диагностика уақыты жеделдеді, апаттылық деңгейі төмендеді және ресурстарды үнемдеу айтарлықтай артты.

Президент қойған міндеттерге сәйкес, 2026 жылы Энергетика министрлігі электр және жылумен жабдықтау салаларында ЖИ-шешімдерді пилоттық кезеңнен ауқымды енгізуге көшіруді жоспарлап отыр.

Басым бағыттардың қатарында: ЖИ-дефектоскопиядағы ақаулар классификаторларын кеңейту, магистральдық құбыржолдарда құбырішілік диагностика технологияларын енгізу, сондай-ақ газ саласындағы цифрлық сервистерді одан әрі дамыту бар.

Сонымен қатар, Министрлік жасанды интеллект технологияларын әзірлейтін отандық ІТ-компаниялармен қол қойылған меморандумдар аясында жүйелі ынтымақтастықты жалғастырады.

2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы озық технологияларды жедел енгізуге және Қазақстан энергетикасын орнықты, цифрлық әрі технологиялық тұрғыдан тәуелсіз салаға айналдыруға қуатты серпін береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар