сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 6:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан киберполициясы шетелде 7 call-орталықты жойды

Қазақстан киберполициясы шетелде 7 call-орталықты жойды
Фото: Polisia.kz
Киберқылмысқа қарсы күрес Ішкі істер министрлігінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

Полиция азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау үшін кешенді шаралар атқарып келеді. Қазіргі таңда дәстүрлі қылмыстар интернетке ауысып, алаяқтар заманауи технологияларды пайдалану арқылы азаматтардың қаржысын заңсыз иемденуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, мұндай қылмыстармен күрес заңнамалық, техникалық және профилактикалық бағытта қатар жүргізілуі тиіс. 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталған, ал жүйе іске қосылғалы бері олардың саны 85 миллионнан асқан.

Сондай-ақ 100 мыңнан астам sim-карта тәркіленіп, 88 sim-box алынған. Шетелде 7 call-орталық, Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды. Полиция азаматтарды кибергигиенаны сақтауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерді ешкімге бермеуге шақырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар