жексенбі, 22 маусым, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық жас гимнасттар Азияда топ жарды

Қазақстандық жас гимнасттар Азияда топ жарды
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

8 маусымда, Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыс аясында жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

Қос қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.

Сондай-ақ, Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда ең үздік нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпайға ие болды.

Айта кетейік, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар