жексенбі, 15 маусым, 2025 3:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлеуметтік желілер мен балалар: дәрігерлер ата-аналарға ескерту жасады

Әлеуметтік желілер мен балалар: дәрігерлер ата-аналарға ескерту жасады
Pixabay.com
TRThaber мәліметінше, АҚШ ғалымдарының үш жылға созылған зерттеуі әлеуметтік желілердің балалар психикасына кері әсер ететінін көрсеткен.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желіде ұзақ отыру – балалар арасындағы күйзеліс деңгейінің 35%-ға өсуіне себеп болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зерттеу 11–12 жастағы балаларға жүргізілген. Егер бұл жастағы жеткіншектер кибербуллингке ұшыраса, келесі жылы олардың суицидке итермелейтін ойлары мен әрекеттері 2,6 есе артады екен. Сонымен қатар, мұндай жағдайларға тап болған балаларда есірткі, никотин және алкогольге әуестену қаупі де жоғары болатыны анықталған.

Дәрігерлер ата-аналарға балаларымен ашық әңгімелесіп, гаджет алдында өткізетін уақытты шектеуді ұсынады. Әсіресе ұйықтар алдында және отбасымен бірге ас ішетін сәттерде экраннан алыстау – маңызды. Сондай-ақ арнайы «медиа жоспар» құру да бала денсаулығын сақтауда үлкен рөл атқарады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар