сейсенбі, 24 маусым, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы тауларында жоғалған бес адам құтқарылды

Алматы тауларында жоғалған бес адам құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары түн ішінде бес адамды аман-есен тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Көк-Жайлау шатқалында, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте үш 17 жастағы жасөспірім жаңбыр салдарынан бағытынан жаңылып, төмен түсе алмай қалған. Олар дереу "112" қызметіне хабарласып, көмек сұраған.

Геолокация деректерін алғаннан кейін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары оқиға орнына тез жетіп, тауға жаяу көтеріліп, көп ұзамай жастарды тауып алды. Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында оларды сәтті төмен түсірді. Медициналық көмек қажет болмады.

Сол түні Талғар ауданында да екі адам тауда адасып кеткен. "Пионер" лагерінің маңындағы "Орман ертегісі" демалыс аймағында олар да жаңбырдан кейін бағытынан жаңылған.

Іздеу тобы оларды таң ата тауып, төменге түсіріп, туыстарына табыстады. Медициналық көмекті қажет етпеді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар