Қазақ қызы Кенияда жаттығуда
Марафоншылар сайысында сынға түсіп жүрген Гүлжанат Жанатбек Кенияның Итен қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Иә, қазақ қызының алыстағы Африка құрлығын таңдауы бекер емес. Себебі Кения марафоншыларының даңқы алысқа жайылған. Бұл елден көптеген мықты желаяқ шықты. Олимпия ойындарында айтулы мемлекеттің өрендері екі рет бас жүлдені олжаласа, әлем чемпионаттарында бес мәрте топ жарды. Ал жүлдегер атанған саңлақтарды тізбектейтін болсақ, олардың саны тіптен көп.
Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпиадада ерлер арасында Элиуд Кипчоге шашасына шаң жұтырмаса, әйелдер сайысында Джемима Сумгонг алдына жан салмады. Олардың екеуі де кениялықтар және де қазіргі кездегі әлемдік рекорд дәл сол Кипчогеге тиесілі. 2018 жылдың күзінде өткен Берлин марафонында ол мәре сызығын 2 сағат 01 минут 39 секундта қиып өткен еді.
Міне, сол себепті де Г.Жанатбектің таңдауы Кенияға түсті. Ол Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының лицензиялық турниріне даярлануда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
«Барыс» «Торпедоны» овертаймда ұтты
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024