«Барыс» «Торпедоны» овертаймда ұтты
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Төмеңгі Новгородта «Торпедоға» қарсы өткізген «Барыс» овертаймда жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты.
Бұл кездесу қос команда үшін де маңызды еді. Себебі, жарыс кестесінде олар қатар келеді. Яғни, осы жолы жеңген ұжым плей-оффқа бір қадам жақындай түседі. Соны қаперге мықтап түйеген ойыншылар мұз айдынында барын салды. Алғашында қонақтар алымды көрінді. 16-минутта Мэттью Фрэттин, іле-шала Даррен Диц қос голды қақпаға тоғытса, көп ұзамай Антон Шенфельд есеп айырмашылығын қысқартты. Үзілістен кейін жағдай өзгерген жоқ. Үшінші кезеңнің аяқталуына бір минуттан сәл ғана аса уақыт қалғанда Михаил Варнаков таразы басын теңестірді.
Ал қосымша уақыт басталған бетте Якуб Лилья соққан шайба қазақстандық командаға жеңіс сыйлады – 3:2. Өзінің келесі ойынын «Барыс» 23 желтоқсан күні Омбыда «Авангардқа» қарсы өткізеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024