Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар алғашқы алтынды ұлттық құрама қоржынына салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы командалық эстафетада (аралас құрам) үздік нәтиже көрсетті.
Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.
Ұлттық құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай өнер көрсетті.
Иран құрамасы күміс алса, ал Тайбэй құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық спортшы жүзуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025
Спорт
Ауыр атлет Артем Антропов Ислам ойындарында қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025






