Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы еліміз бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Бұл қатардан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен күні кеше департаментке қарасты мекемелер арасында кіші футболдан турнир өтті. Жарысқа ҚАЖ департаментінің құрамасы, Тараздағы 5 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Ескеев және сала ардагері С. Мералиев қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Командалар кездесулерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың бірінші үштігі анықталды: I орын – ҚАЖ департаментінің құрамасы, II орын – ЖД-158/2 мекемесі, III орын – ЖД-158/4 мекемесі. Іс-шараның мақсаты өз еліне патриоттық сезімді тәрбиелеу және салауатты өмір салтын алдын алу болып табылады.
– Аталған жарыста жеңімпаз атанған ҚАЖ департаментінің құрамасы келер жылы облыстық және республикалық деңгейде өтетін күштік құрылымдар арасында өтетін өзге де турнирлерге қатысады, – деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Ескеев.
Дидар Рысбеков, әділет майорыjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Нұрсұлтан Назарбаев альпинист Мария Әуезовамен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024