Бахтиер Зайнутдиновтің жарақаты ауыр ма?
Футболдан Қазақстан құрамасы мен ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Ресей біріншілігінде "Спартак" клубына қарсы кездесуге дейін ойнауға дайын болады. Бұл туралы мәскеулік клубтың бас бапкері Виктор Гончаренко айтты.
"Зайнутдинов алдағы ойында алаңға шығуға дайын болады. Оның жарақаты қатты ауыр емес. Мен оны ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне қосамын", - деді бас бапкер клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Еске салайық, Зайнутдинов жарақатына байланысты Ұлттар лигасындағы Беларусь (1:2) құрамасына қарсы кездесуге қатыса алмады. Ол Литва құрамасына қарсы кездесуде жарақат алып қалған болатын.
Ал ЦСКА мен "Спартак" арасындағы кездесу 13 қыркүйек күні өтеді. Мәскеулік клуб сапына Зайнутдинов тамыз айында "Ростовтан" ауысып келді. Қазақстандық футболшы жаңа командасымен бес жылдық келісімшарт жасаған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024