Алдағы күндері ауа райы жылы болады
“Қазгидромет” РМК 10-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ететін болады. Олар солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жаңбыр тудырады. Алдағы тәулікте батыста екпінді желмен, дауылмен қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың қалған аумағындағы ауа райын антициклон анықтайды, онымен бірге құрғақ, салыстырмалы түрде ауа райы жылы болады деп күтіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала