дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 9:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Барыс» ойыншысы үздік атанды

«Барыс» ойыншысы үздік атанды
ашық дереккөзі
«Барыс» ойыншысы үздік атанды

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты 2020 жылды қорытындылап, жылдың үздік ойыншылары мен жаттықтыру­шылары­ның есімін атады.

Мәселен, «Барыс» клубының капитаны Даррен Диц қорғаушылар арасында ең үздік сұрмерген атанды. Ол өткен жылы ҚХЛ-да жалпы саны 52 ойын өткізіп, 31 ұпай жинаған. Яғни маусым бойы қарсылас қақпасын 19 мәрте дәл көздеп, 12 рет әріптестеріне нәтижелі пас асырған. Сонымен қатар қазақстандық команданың хоккейшісі жылдың ең нәтижелі 5 ойыншысының қатарынан көрінді. Ал «Барыс» қақпашысы Йони Ортио желтоқсан айының үздік қақпашысы атанды.

Айта кетейік, елордалық команда ҚХЛ-дің ең кейінгі ойынын «Барыс Аренада» Магнитогорскі­нің «Металлург» клубымен өткізіп, тартысты өткен матчтың қосымша минутында 3:2 есебімен басым түсті. «Барыстың» овертаймдағы жеңісті голын Мэттью Фрэттин соқты. 38 ойында 45 ұпай жинаған жерлестеріміз бүгінде тұрақты біріншіліктің «Шығыс» конференциясында 8-орында келеді.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Таутөбет
Алдыңғы мақала
Таутөбет

Ұқсас жаңалықтар