Әлем кубогына қатысады
Қаңтар айында Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының екі кезеңі өтеді деп жоспарланған.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша, Әлем кубогының бесінші кезеңі 7-10 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. Спортшылар спринт, із кесу жарысы, эстафета және сингл-микст бойынша өзара жеңімпаздарды анықтайды.
Сондай-ақ Әлем кубогының алтыншы кезеңін де Оберхоф қаласы қабылдамақ. 13-17 қаңтарда ұйымдастырылатын додаға Қазақстан командасы да қатысады. Айта кетелік, биатлоннан Қазақстан командасы бұл күндері Еуропада жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Рекордтар жаңаруда
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Аустралия ашық чемпионаты: Анна Данилина жеңісті жолды жалғастырды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қаңтар, 2026






