жексенбі, 19 мамыр, 2024 21:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Біздің Бауыржан Буффоннан кем емес

Біздің Бауыржан  Буффоннан кем емес
ашық дереккөзі
Біздің Бауыржан Буффоннан кем емес

Жерлесіміз Бауыржан Исламхан БАӘ-нің «Аль-Айн» клубымен үш жылдық келісімшартқа ресми түрде қол қойды. Ол енді бағын мұнай үстінде отырған мемлекеттегі футбол алаңында сынап көрмек. Ал оның жалақысы жылына 1,5 миллион долларды құрайды. Бұл сома даңқты қақпашы Буффонның айлығымен шамалас.

Ал ғаламтордағы кейбір мәліметтерге сүйенсек, даңқты клубтарда доп теуіп жүрсе де Исламханнан аз жалақы алатын ойыншылар бар екен. Мәселен Де Гузман Германияның «Айнтрахт» клубында ойнаса да, оның трансферлік құны 1 миллион долларға жетпейді екен. Испандық «Бетистің» ойыншысы Антонио Барраган жылына 1,4 миллион доллар табады. 33 жастағы футболшы Испанияның U19 құрамында Еуропа чемпионы атанған. Антонино «Бетистен» басқа, «Депортиво», «Вальядолид», тіпті «Валенсия» клубында да доп тепкен. Бірақ оның жалақысы Исламханнан аз болып тұр. Атақты «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Александр Зинченко да жылына 1,35 миллион доллар табады. Украиналық қорғаушы «Уфадан» «Манчестер Ситиге» ауысып барған болатын. «Ювентустың» аты аңызға айналған қақпашысы Джанлуиджи Буффон Бауыржан Исламханмен шамалас ақша алады. Оның жылдық табысы 1,7 миллион долларға тең. «Наполидің» ойыншысы Джованни Ди Лоренцоның да трансферлік құны 1,5 миллион доллар. 26 жастағы қорғаушы 2019 жылдың жазынан бастап «Наполи» сапында ойнап жүр. Ол клубқа Италия Кубогын алып берді. Өткен маусымда Ди Лоренцо «А» сериясында 33 ойын өткізіп, үш гол соқты. Бұл команда қорғаушылары арасындағы ең жақсы нәтижелердің бірі. Бірақ италиялықтар оның ойынын небәрі 1,5 миллион долларға бағалап отыр. «Аталанта» ойыншысы Марио Пашаличи де жылына қолына 1,5 миллион доллар жалақы ұстайды. 25 жасар хорватиялық ойыншы «Аталанта» сапында жақсы өнер көрсетіп жүр. Өткен маусымда Пашали «А» сериясында 35 матч өткізіп, тоғыз гол соқты. «Наполидің» тағы бір ойыншысы Петр Зелински тіпті 1,3 миллион доллар табыс табады. Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Наполи» сапында таптырмас ойыншы болды. Зелински «А» сериясында 37 матч өткізіп, екі гол соқты. Міне тараздық Бауыржан Исламхан осындай атақты футболшылардан да көп табыс табатын келісімшартқа қол қойып отыр. «Аль-Айнмен» жаңа келісім жасамас бұрын Исламхан БАӘ-де жеті күн карантинде болды. Ол екі рет коронавирус сынағынан, одан бөлек толық физикалық тексеруден өтті. Исламхан қазір өзінің командаластарымен бірге оқу-жаттығу жиынында жүр. Жерлесіміздің бұл шешімін құптап та, құптамай да жатқандар бар. Қарсы топтың дені Исламханның ақша үшін араб чемпионатына барғанын қолдамайды. Олардың ойы Бауыржан Еуропада доп тебуге қауқарлы. Бірақ Исламхан мен оның агенттері осындай шешім қабылдап отыр. Әрбір істің артында бір қайыры болатынын ескерсек, бұл трансферден де жақсылық күтейік. Айта кетейік БАӘ чемпионаты 3 қыркүйекте басталады. Жерлесіміз мұнайлы елдің біріншілігінде жақсы ойын өрнегін көрсетеді деп сенеміз.

Саян Тілеужан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар