дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 2:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Меркіде спорт саласы қарышты дамуда

Меркіде спорт саласы қарышты дамуда
ашық дереккөзі
Меркіде спорт саласы қарышты дамуда

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Марат Қасым әкімдердің жұмыс алгоритміне сай спорт саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Айваз Османов спорт саласында атқарылған жұмыстарды баян етті.

Оның сөзіне сүйенсек, Меркі ауданы бойынша барлығы 212 спорт нысаны бар екен. Оның ішінде 1 стадион, 37 спорттық залы, 13 арнайы орнатылған спортзал, 40 футбол алаңы, 121 спорттық алаңша елге есігін айқара ашқан. Аталған спорт нысандарының барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді. Аудан спортшылары елімізде және халықаралық деңгейде өткен жарыстарда үлкен жетістіктерге жетіп жүр. 2019 жылы Әлем, Азия чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде өлке спортшылары барлығы 1125 медаль жеңіп алған. Оның 319-ы алтын болса, 363 күміс және 443 қола медаль. Жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы да нығая түскен. Бұдан бөлек биыл Меркі ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша спорт кешені салынуда. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол» картасы бойынша 11 ауылдық округте 22 кіші футбол алаңшасы салынуда. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша А.Асқаров атындағы орталық стадионының алдындағы спорт алаңдары күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары спорт саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, жоғары нәтиже көрсеткен жаттықтырушыларға аудан әкімінің құрмет, алғыс грамоталарын табыс етті.

Саян Тілеужан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар