сенбі, 5 қазан, 2024 20:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиадаға бармай жатып екі бөлмелі пәтерге ие болды

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиадаға бармай жатып екі бөлмелі пәтерге ие болды
Сурет: Қызылорда әкімдігінің сайты
Ол Парижде +92 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесіп, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегедей, Нұрлыбек Нәлібаев боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірген.

«Қамшыбек, біз сені мақтан тұтамыз! Бүгінгі жеткен биігің – жастайыңнан осы спорт түрін таңдап, табандылық танытқан қажырлы еңбектің нәтижесі, ата-анаң, жанкүйерлердің тілегі мен батасының арқасында деп білеміз. Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіс тұғырынан көріну – әр спортшының арманы. Бұл – еңбексүйгіштіктің, патриотизм мен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Чемпиондарымызға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Арқа сүйейтін, тілеуіңді тілейтін қалың еліңнің, жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік», – деді Нұрлыбек Нәлібаев. 

Өз кезегінде спортшы Олимп шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Кездесу соңында облыс әкімі өңір халқының атынан Қамшыбекке пәтер кілтін табыстады.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар