дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Маған ақыл айтпаңыздар»: Мақпал Исабекова жеке өміріне араласатындарға ызасы келді

«Маған ақыл айтпаңыздар»: Мақпал Исабекова жеке өміріне араласатындарға ызасы келді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова өз парақшасында ақыл айтып отыратындарға ызасы келетінін жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жеке шекарасынан өтіп, әр ісіне араласа беретін оқырмандарына шыдамы таусылып, ызаланған  әнші жеке өміріне бас сұқпауын ескертті.

«Менің жеке шекарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таң қаламын. Мені, менің жеке өмірімді, отбасымды талқылауға жол бермеймін. Мұндай жағдайда мен дөрекілік пен қатыгездік танытамын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы сізден ақыл-кеңес сұрамаса, онда үнсіз қалған жөн», - деп жазды мақпал Исабекова.

Әншінің мұндай ескертуінен кейін оқырмандардың пікірі де екіге жарылды. Бір жартысы әншіге көкірек кермеуіне, қарапайым болуына, жұлдызданып кетпеуіне кеңес берсе, енді жартысы әншінің пікіріне қосылатынын айтқан.

Бөлісу:
Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар