дүйсенбі, 8 шілде, 2024 20:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордада 100 жастан асқан қанша адам тұратыны белгілі болды

Елордада 100 жастан асқан қанша адам тұратыны белгілі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астанада 100 жастан асқан  21 адам тұрады

Астана күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы ресми Telegram-арнасында қызық статистика жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның 15 әйел болса, 6 ер адам екен.

«2024 жылдың 1 маусымында халық саны 1 464 415 - ке жетті, оның 696 234 - і ерлер, 768 181-і әйелдер. 2023 жылы Астанада туылған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жасты, ерлер үшін 74,23 жасты, әйелдердікі 81,28 жасты құрады. 2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жасты, әйелдер үшін 26,4 жасты құрады», — делінген хабарламада.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар