Бокстан әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай турнирді жеңіспен бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 қыркүйек, 2025
- 430
Ливерпульде алғаш рет World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында 20 қазақстандық боксшы ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстандық боксшылар Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады.
80 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қорғады. Ол аталған доданың 1/16 финалында украиналық боксшы Матвей Ражбамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық спортшының айқын басымдылығымен өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.
Оған дейін тағы бір отандық боксшы Махмұд Сабырхан 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Отандасымыз мексикалық Бриан Оуен Ортизбен қолғап түйістірді. Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшының жеңісін тіркеді.
Ұқсас жаңалықтар
Әлем чемпионаты: төрт қазақстандық спортшы финалға шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков Мбаппені артта қалдырып, рейтингте көш бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






