сәрсенбі, 8 мамыр, 2024 21:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Классикалық шахматтан ҚР балалар кубогының | кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Классикалық шахматтан ҚР балалар кубогының | кезеңінің жеңімпаздары марапатталды
Сурет: jambylinfo.kz
Аталған жарыс Тараз қаласында 23-29 наурыз аралығында өтті

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысып, сайыс жүлдегерлері мен  жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


Республикалық кубоктың бірінші кезеңіне еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан 6-8-14 жас аралығындағы 325 бала қатысты. Жүлденің жалпы құны 3 миллион теңгені құрайды. Салтанатты рәсімде озық ойын көрсеткен 24 жас өрен жүлделі болды. Ал, командалық есепте 3 орынды Петропавл қаласы алса, 2 орынды Қызылорда қаласы еншіледі. Ал, Алматы қаласы 1 орынды қанжығалады. Осы орайда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жүлдегерлерді құттықтап, алдағы сайыстарына сәттілік тіледі.


"Тараз жерінде бұл жарыстың өтуі біз үшін үлкен мәртебе, аса үлкен жауапкершілік. Осындай деңгейдегі іс-шараны өткізу облыстағы шахмат спортының дамуына үлкен үлес қосады. Жамбылдықтар осы сынды жарыстарды зор құрметпен, үлкен қуанышпен қарсы алады,- деді Жамбыл облысының әкімі. 


Ал, ҚР шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов ақыл-ойды кемелдендіретін ойынға қызығушылар көбейгенін айтады. Сәйкесінше, жылына шахмат спорты бойынша 60-қа жуық түрлі  дәрежелі жарыстар ұйымдастырылатынын жеткізді.  


"Біз балалар арасындағы чемпионатты Түркістанда бастағанбыз. Одан кейін Шымкентте жалғасты. Енді міне Жамбыл облысында қорытындылап отырмыз. Мұндағы мақсат шахматты елімізде дамыту. Осы орайда өткен жылы Қазақстанда халықаралық турнирлер мен әлем чемпионаты өтті",- деді Тимур Турлов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар