Облыс әкімі Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келді
- авторИндира Тәліпқызы
- 29 наурыз, 2024
- 592
Жамбыл әкімі халықпен кездесуде Жамбыл ауданы – облыс орталығына жақын, әлеуеттік мүмкіндігі жоғары әрікәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға ыңғайлы аудан екенін атап өтті. Ербол Қарашөкеев облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар мәселелерді тілге тиек етті.
«2023 жылдың қорытындысымен экономикалық өсім облыста 102,4% құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 100,1% деңгейінде (847,7 млрд. теңге) қалыптасты. Ауыл шаруашылығында 567,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 517,2 млрд. теңге инвестиция тартылды (117,3%). Былтыр судың тапшылығына байланысты көрсеткіш төмен болды. Биыл бәрі ойдағыдай болады деп сенеміз. Өйткені, "ҚазАгро" биыл 2,5 миллиард теңге бөліп отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда екі жарым есе көп. Бұл мүмкіндікті азаматтарымыз тиімді пайдалануы тиіс»,- деді әкім.
Сондай-ақ, аймақ басшысы келесі жылы өтетін ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталғанын айтты.
«2025 жылы Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Сондықтан ауылшаруашылығы статистикасы дұрыс жүргізілуі тиіс. Көзбояушылыққа жол жоқ. «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар. Егер біз ауылшаруашылығына дұрыс санақ жүрбізбей, жалған есеп берсек даму болмайды. Сол себепті, санақты әділ, таза жүргізуіміз тиіс, -деді Ербол Қарашөкеев.
Әкім кездесу соңында халықтың сауалдарына жауап беріп, олардың талап-тілектерін назарға алды.