бейсенбі, 22 қаңтар, 2026 14:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы үшінші ойынын өткізеді

Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы үшінші ойынын өткізеді
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Бұл ойын Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы үшінші ойынын Түркияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Жаңа Зеландия (13:2) мен Латвия (9:1) құрамаларын қапы қалдырды.

Ал Түркия құрамасы Нидерландқа (0:3) есе жіберіп, одан кейін Жаңа Зеландияны (3:1) есебімен жеңді.

Алғашқы екі турдан кейін отандастарымыз 6 ұпаймен көш бастап тұрса, Түркия 3 ұпаймен үшінші орында тұр.

Сондай-ақ турнир кестесінде Оңтүстік Корея 5 ұпаймен екінші, Нидерланд 3 ұпаймен төртінші, Латвия 1 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан. Әзірге Жаңа Зеландияның қоржыны бос.

Екі құрама қазірге дейін үш мәрте кездесті. Барлығында қазақстандық хоккейшілер басымдық танытты. Алдымен 2018 жылы отандастарымыз оларды 14:1 есебімен тізе бүктірсе, 2019 жылы 15:0, 2024 жылы 6:0 есебімен орта жолда қалдырды.

Енді отандастарымыз 23 қаңтарда Нидерланд, 25 қаңтарда Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Бұл топтан бірінші орын алған құрама ІВ тобына жолдама алса, соңғы орынды місе тұтқаны ІІВ тобына түсіп қалады.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар