Әли Әлиев: "Зайнутдинов, Айымбетов пен Жақсылықовтың жоқтығы қатты білінді"
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025
- 804
Оның айтуынша, команда құрамында шабуыл шебінде маңызды ойыншылардың жетіспегенін атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.
– Ұлттық құрамада Бақтиер Зайнутдиновтың жоқтығы қатты сезілді. Оның 14 голмен Қазақстан тарихындағы ең үздік сұрмерген екенін білесіздер. Статистикасына назар аударсаңыздар, қандай командаларға гол соққанын көресіздер. Айып алаңы ішінде позицияны өте жақсы таңдайды. Бұл Абат Айымбетовке де қатысты. Түркия лигасындағы аутсайдер клубта ойнаса да, әр турда соңына дейін гол соғуға тырысады. "Қайсар" клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов та жетіспеді. Қазақстан Премьер-лигасында 6 гол соққан. Өздеріңіз байқағандай, Солтүстік Македония бір ғана мүмкіндігін қалт жібермей, 32 жастағы Александр Трайковски көзге түсті.
Байқағандарыңыздай, 90 минут ішінде қарсыластан көбірек соққы (13 cоққы) жасадық. Өкінішке қарай, тек гол жетіспеді. Бұл жолы сәттілік серік болмады. Бірақ келесі матчтарда қарсылас қақпасынан саңылау табатынымызға сенімдемін, – деді Әли Әлиев.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы өз алаңында 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен есе жебірген болатын.
Әскери бөлімдерде бейнебақылау орнатылады – Бас Прокурор
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025
Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінді — министрлік
- авторБақытжан Бекболат
- 30 желтоқсан, 2025






