жексенбі, 22 маусым, 2025 13:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттар лигасының финалы: Роналду мен Ямал алаңға шығады

Ұлттар лигасының финалы: Роналду мен Ямал алаңға шығады
Getty Images
Португалия мен Испания құрамалары УЕФА Ұлттар лигасының шешуші ойынында кездеседі.

8-інен 9 маусымға қараған түні футбол жанкүйерлерін маңызды матч күтіп тұр – Ұлттар лигасының финалы өтеді. Финалдық бәсекеде Португалия мен Испания құрамалары күш сынасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ойын Германияның Мюнхен қаласындағы әйгілі «Альянц Арена» стадионында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша матч түнгі 00:00-де басталады.

Ұлттар лигасы – УЕФА ұйымдастыратын ресми турнир. 2018 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл дода жолдастық кездесулердің орнына жасалған және Еуропа мен әлем чемпионаттарына қосымша іріктеу мүмкіндігін береді. Бұған дейін бұл турнирде Португалия, Франция және Испания жеңіске жеткен.

Биылғы финал — тәжірибе мен жастықтың айқасы: бір жағында — әйгілі Криштиану Роналду, екінші жағында — жас талант Ламин Ямал.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар