Қоғам
Темекі қымбаттайды: Қаржы министрлігі баға шегін көтермек
- авторБақытжан Бекболат
- 8 маусым, 2025
- 247

Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағаларын көтеру туралы бұйрық жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, сүзгісі бар және сүзгісіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты жаңа баға шектері енгізілмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрліктің мәлімдеуінше, бұл бастама темекіге қатысты салықтық және баға саясатын күшейтуге бағытталған. Яғни, темекі бағасын өсіру арқылы оның таралуы мен тұтынуын азайту көзделіп отыр.
Аталған бұйрық жобасы 2025 жылдың 19 маусымына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Тұрғындар өз пікірлерін осы мерзімге дейін қалдыра алады.