Ұлттық олимпиада комитеті төртжылдықтың басты додасына кәдесыйлар әзірледі
- авторМағжан Орынбасар
- 16 шілде, 2024
- 483
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Париждегі Олимпиада ойындарына арнап еліміздің мәдени ерекшеліктерін айшықтайтын белгішелер дайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына бүгін тура он күн қалды. Аталған төртжылдық басты додаға Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 80 жолдама жеңіп алды.
Осыған орай ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Париждегі Олимпиада ойындарына арнап еліміздің мәдени ерекшеліктерін айшықтайтын белгішелер дайындады. Дайындалған әрбір бұйымдар қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алды. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024