жұма, 27 желтоқсан, 2024 5:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ойынды насихаттауда

Ұлттық ойынды насихаттауда
ашық дереккөзі
Ұлттық ойынды насихаттауда

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентініңі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты спартакиада ойындары өткізілді.

Аталмыш іс-шараға 14-29 жас аралығындағы спорт сүйер жалынды жастары мен өзге ұлт өкілдері қатысты. Жеңіске үміткер 5 топ жасақталды. Қатысушы топтардың сақтық шараларын сақтай  отыра, үлкен дайындықпен келгендігі көңілге қуаныш ұялатты.

         ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой — өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.

         Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын — сауықтардың бір түрі.

         Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Жастар арасында ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында ұлттық ойындардан спартакиада ойындары өткізілді.

Іс-шараның ашылу салтанаты. Тараз қаласы «Жастар ресурстық орталығының» директоры Есіркепов Абзал Есенұлы қатысушыларға сәттілік тілеп спартакиаданы ашық деп жариялады. Шараға бас төреші болып ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жеңіпазы Виталий Турбин Анатолиевич төрешілік етті.

Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді.

  1. Ләңгі тебу;
  2. Гір тасын көтеру;
  3. Қол күрес;
  4. Асық ату;
  5. Арқан тарту.

Алғашқы кезең бойынша «Жасыл ел» командасы 66 ұпай жинап алға шықты, ал екінші болып «Сұңқар» командасы 27 ұпай жинады, үшінші болып 24 ұпай жинаған «Бүркіт» командасы болды.

Екінші кезең – гір тасын көтеру. Бұл ойынның шарты әр команданың бір ойыншысы гір тасын көтереді ұпай саны көтергеніне байланысты саналады. Гір тасын көтеруден өз күш-жігерін  көрсетіп 23 ұпай жинап көзге көрінген «Жасыл ел» командасы, 33 ұпай жинап көзге түскендер «Жайдарман» командасы, өзінің төзімділігі мен мықтылығын көрсете біліп ең көп 34 ұпай жинап «Сұңқар» командасы алға шықты.

Үшінші кезең – қол күресі. Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қойып да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы төрешінің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғалмай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады. Әр командадан бір ойыншы қарсылас командамен қол күрестіреді. Бұл сайыстада алғыр болып «Жасыл ел» командасы бірінші орын иеленді, екінші орынды «Жайдарман» командасы алса, ал «Темірқазық» командасы үшінші орынға ие болды.

Төртінші кезең -  асық ату. Асық ойыны — қазақ  халқының дәстүрлі ойыны. Асық  ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Асық ату кезеңінде өз шеберлігі, шапшаңдығымен көзге түскен «Жайдарман» командасы алға шықты. «Темірқазық» командасы мен «Бүркіт» командасы теңдей түсті.

Бесінші кезең - Арқан тарту - қазақ халқының байырғы ұлттық ойындарының бірі. Осынау сайыста жастардың қаншалықты ұлттық ойындармен сусындағанының, сонымен қатар шымырлығы мен ептілігінің куәсі  болдық.   Арқан тарту кезеңі бойынша   шымырлығымен ерекше көзге түскен «Жасыл ел» командасы оза  шапты.

Спартакиада соңында бас төреші ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жеңіпазы Виталий Турбин Анатолиевич және Тараз қаласы «Жастар ресурстық» орталығының директоры Есіркепов Абзал Есенұлы сынды, құрметті қонақтар сайысты қорытындылап, нағыз мықтыларды марапаттады.

1- орын иегерлері «Жасыл ел» командасы – әр команда мүшесі смарт сағатқа ие болды

2-орын иегерлері  «Сұңқар» командасы – airpods құлаққапқа әр команда мүшелері ие болды

3-орын иегерлері  «Жайдарман» командасы – дауыс ұлғайтқыш әр команда мүшелеріне берілді.

Спартакиада жеңімпаздары Тараз қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшылығы арнайы дайындаған  бағалы сыйлықтар және де алғыс хаттармен марапатталды.

Өзінің әділ төрешілік етуімен, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ат салысқан бүгінгі сайыстың бас төреші ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жеңіпазы Виталий Турбин Анатолиевичке башылықтан алғыс хат берілді.

Спартакиада соңында қатысушы командалар іс-шара ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдіріп, естелік суреттерге түсті. Іс-шараның толық нұсқасы бейне ролике түсіріліп @taraz_jastary инстаграмм әлеуметтік желсі парақшасына жарияланып көрермен назарына ұсынылды.

Еркінбек Жаманкеев,

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің

Ақпараттық–мониторинг секторының меңгерушісі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар