Спорт
Марат Байқамыров «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 18 қазан, 2025
- 781
Жеңімпазға алтын «Тайтұяқ» пен 15 миллион теңге көлеміндегі сыйақы берілді
Астанада өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы – 2025» турнирі өз мәресіне жетіп, ең мықты балуан анықталды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл ел чемпионатының алтын белбеуі мен «Қазақстан Барысы» атағы «Әскер Барысы» мәртебесіне ие Марат Байқамыровқа бұйырды. 106 келі салмақ дәрежесінде күрескен ол алтын «Тайтұяқ» пен 15 миллион теңге көлеміндегі сыйақының иегері атанды.
Өткен жылғы чемпион, 151 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаев («Қажыбай») күміс белбеуге қол жеткізіп, 3,3 миллион теңге жүлде алды.
Қола белбеу мен 1,08 миллион теңге Маңғыстау облысының балуаны, «Қара бура» лақап атымен белгілі Нұрдәулет Жарылғаповқа табыс етілді.
Биылғы додада елдің түкпір-түкпірінен келген балуандар күш сынасып, көрермендерге тартысты белдесулер сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық каратэші Ислам ойындарында қола жүлдегер атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025






