Мырзабосынов пен Головкин қытайлық әріптестерімен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 10 ақпан, 2025
- 245

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Қытай Халық Республикасы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қытай Олимпиада комитетінің президенті және Халықаралық ушу федерациясының басшысы Гао Чжиданмен кездесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ресми қабылдау рәсімі аясында өткен кездесуде Ербол Мырзабосынов Гао Чжиданға екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
«Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында спорттық байланыс жоғары деңгейде дамып келеді. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан делегациясы Харбиндегі қысқы Азия ойындарына жарыстың алғашқы күндерінен бастап келді және ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне жылы қабылдағанына, ашылу салтанаты мен қысқы Азия ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқанына алғыс айтамын»,- деді министр.
Қазақстан ҰОК басшысы ауқымды жарыстарды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
«Ауқымды кешенді жарыстарды өткізу оңай емес. Харбин-2025 қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетіне қонақжайлық пен үйлесімді жұмысы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Біз Ойындар басталғаннан бері осындамыз және ұйымдастырушылардың өз қызметіне қаншалықты берілгенін көріп келеміз. Мұны логистикалық қамтамасыз етуден, еріктілер жұмысынан, техникалық қолдаудан да байқауға болады»,- деді Геннадий Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы IX қысқы Азия ойындары 14 ақпанда мәресіне жетеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қорында 9 медаль бар.
Жас фермер: агросаладағы жаңашыл көшбасшы
Ұқсас жаңалықтар
Ибрагим Магомадов пен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында жүлдегер атанды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025