жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкенттегі Азия чемпионатында қазақстандық мергендер 9 медаль жеңіп алды

Шымкенттегі Азия чемпионатында қазақстандық мергендер 9 медаль жеңіп алды
Туризм және спорт министрлігі
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында 9 медаль олжалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

16–30 тамыз күндері Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін спортшыларымыз жалпы есебінде 9 медаль иеленді: 2 алтын, 1 күміс және 6 қола.

Алғашқы алтынды ел қоржынына Ислам Сатпаев салды. Алматы спортшысы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан атудан финалда қарсыластары – Қытай мен Корея мергендерін артта қалдырып, Азия чемпионы атанды.

Келесі алтынды жасөспірімдер арасындағы «скит» жаттығуында тағы бір алматылық Артём Седельников жеңіп алды. Ол финалда үндістандық қарсыластарын қапыда қалдырды.

Әйелдер арасында «скит» бағдарламасында Анастасия Молчанова қола жүлде жеңсе, командалық есепте Ольга Хайлова, Адель Садақбаева және Анастасия Молчанова үштігі күміс медальға қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасындағы ПП-3 жаттығуында Қазақстан құрамасы (Кирилл Федькин, Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов) қола жүлдегер атанды. Қыздар арасындағы дәл осы бағдарламада Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова және Асылым Жақия да қолаға ие болды. Ал жастар командасы (Кира Владимирова, Алиса Краденова, Софья Жукова) да ПП-3 жаттығуында үздік үштіктен көрінді.

ПП-микс санатында жасөспірімдер жұбы Кирилл Федькин мен Сәуле Әлімбек ел қоржынына тағы бір қола салды. Осы бағдарламада Даниил Смирнов пен Алиса Краденова да қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Азия чемпионатына 27 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс барысында 700-ден аса медаль сарапқа салынады. Доданы Қазақстан нысана көздеу федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар