«Өзімді дарға астым»: Ауыр атлетикадан ӘЧ жүлдегері Алмас Өтешов өзіне қол салғанын айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 тамыз, 2024
- 1.1k
Ауыр аллетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013 жыл) Алмас Өтешов қазір күзетші болып күнелтіп жүр. Спортшы «Уақыт көрсетеді» ютуб-арнасына берген сұқбатында спорттық мансабындағы сәтсіздіктер, жеке өміріндегі қиындықтар, өз-өзіне қол салу, допинг дауы туралы айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спортшының айтуынша, оның қазіргі отбасылық жағдайы да мәз емес. Екі рет отау көтерген. Екеуі де сәтсіз болған. Несиеге белшесінен батқан. Кезінде әкімдер берілген Қызылордадағы үйі әлі күні жеке атына аударылмаған. Өмірде қиындықтармен бетпе-бет келген ол тіпті өзіне қол салған.
"Мен өзімді кәдімгідей дарға астым. Жан беру оңай нәрсе емес екен. Көшербаев берген Қызылордадағы үйімде, әйеліммен ажырасқан кезім. Үйже ешкім жоқ еді. Базарға барып арқан сатып алып келдім. Интернеттен көріп, бәрін дайындадым. Суға түсіп, ғұсыл дәрет алып, құдайдан кешірім сұрадым. Отырып қалдым. Мойнымнан қысқан кезде бұтыма жіберіп қойдым. Одан кейін тұрып кеттім. Құдайдан кешірім сұрадым. Екінші рет мұндай нәрсе істемеймін. Ол кезде өмірден түңіліп кеткен едім",- деді ол Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында.
Алмас Өтешов допинг қабылдау сол кездегі спорт министрі Талғат Ермегияевтің «келісімдері» арқылы еркін түрде жүзеге асқанын жасырмаған.
"Мойындаймыз. Препарат көп – тестостерон, пропианат, тернобол, таблеткалар, гармональді таблеткалар. Оларсыз көтере алмайсың. Мысалы таза өз ағзаммен 200 келі көтерем болды. "Потолок" осы. Анау препараттардың бәрін ішіп, 230 келі көтерем. Не ішіп, не салып жатқанын бәрін білесің ғой. Министр болсаң барасың да келісесің. «Мә, саған 1 млн доллар», бітті, кетеді. Талғат Ермегияев сыйлаймын. Оны қамап тастамағанда біз де допингтен кетпейтін едік. Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Қазір қайда ол? Жоқ. Бәрін істеген сол",- деді Алмас Өтешов.
Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024