дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 3:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Зарина Дияс екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Зарина Дияс екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: ҚТФ
Қазақстандық Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді. Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасай отырып. 

Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні З.Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолына шықпаған болатын.

Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар