дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 6:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысының әкімі Қазақстан чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Қазақстан чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады
Jambylinfo.kz
Кездесуде облыс әкімі спортшыларды құттықтап, оларға қаржылай сыйлықтар табыс етті

Облыс құрамасы Астанада өткен ҚР  чемпионатында грек-рим күресінен 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алса, еркін күрестен 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.


Ербол Қарашөкеев атап өткендей, облыс құрамасы еркін күрестен командалық есепте екінші жыл қатарынан топ жарып келе жатыр. 

 «Сіздер бұл жетістіктеріңізбен облыс тұрғындарының, спорт жанкүйерлерінің мақтанышына айналып отырсыздар. Айтулы спортшыларды баптаған бапкерлерге  де алғысымыз шексіз. Әрине бұл сіздердің де жұмыстарыңыз. Сіздерге Бішкекте өтетін Азия чемпионаты мен Ыстамбұлда өтетін олимпиадалық іріктеу турнирлерінде жеңіс тілеймін. Сіздерге сенеміз», - деді Жамбыл облысының әкімі

Сондай-ақ, облыс әкімі ҚР чемпионатының қола жүлдегерлеріне 300 мың теңге, күміс жүлдегерлерге 500 мың теңге, алтын иеленген спортшыларға 1 миллион теңге сертификатын табыстады. Ал, грек-рим күресінен U-23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы тұңғыш Әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлына 2 миллион теңге табысталды.

Осылай құрмет көрсетіп жатқан облыс әкіміне  көп рақмет айтамын. Алда әлі жоспарларымыз өте көп. Олимпиадаға жолдама алып, көк байрағымызды желбіреткіміз келеді. Сол үшін талай тер төгуге барымызды саламыз, - деді ол. 

Жиында спорт саласындағы бірқатар мәселелер айтылды. Спорт жанашырлары Ербол Қарашөкеевке облыстағы грек-рим күресінде жасөспірімдер сирегенін айтып, басқарма тарапынан насихаттау жұмыстары жүргізілсе деген ниет танытты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар