Жуалы ауданының тумасы, №12 балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Әбілхан Аманқұл Токио олимпиадасына қатысады. Бүгінде аталған спорт мектебінде 172 спортшы жаттығуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында айтылды. БАҚ өкілдерінің басын қосқан баспасөз турының алғашқы нысаны № 12 балалар, жасөспірімдер спорт мектебі болды. 2015 жылы пайдалануға берілген кешенде қазір спорттың 7 түрінен 172 спортшы жаттығуда.
- Жуалы жері батырлар мен спорт саңлақтарынан кенде емес. Солардың бірі Әбілхан Аманқұл . Токиода өтетін олимпиадада бокстан 75 келі салмақта сынға түседі. Кешегі Бақтияр Артаевтың ізбасары,-деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов.
10 айдың қорытындысы бойынша Жуалы ауданында 16 963 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл тұрғындардың 32 пайызы. Биыл мұнда 12 спорт нысаны ашылған. Мектептерде 7 спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024