дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 11:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жылды жеңіспен бастады

Жылды жеңіспен бастады
ашық дереккөзі
Жылды жеңіспен бастады
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Хабаровскіде «Амур» клубымен өткізген «Барыс» бул­лит сериясы бойынша жеңіске же­тіп, жанкүйерлерін қуантты. «Барыс» клубы үшін жаңа жылдағы алғаш­қы бәсеке табысты әрі нәтижелі аяқ­талды. Сегіз гол соғылған ойында қазақ­стан­дық команданың айы оңынан туды. Кез­десудің есебін алғаш қонақтар ашты. 13-минутта Мэттью Фрэттин «Барысты» есепте алға шығарса, бірінші кезең соңына дейін айдын иелері екі шайба соғып, таразы басын өздеріне аударды. 14-минутта Александр Полунин, 17-минутта Дмитрий Лугин гол соқ­ты. Екінші кезеңнің орта тұсында «Амур» ойын­шысы Михал Йордан мергендігімен көзге түсіп, таблодағы көр­сет­кішті 3:1-ге жеткізді. Арада бірер минут өткенде Павел Акользин (33-минут) есеп айыр­масын қыс­қартса, Роман Старченко (34-минут) таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде командалар тағы да бір-бір шайбамен алмасты. Алғаш 52-минутта «Амур» сапынан Сергей Терещенко коман­дасының төртінші голын соқса, іле-шала Никита Михайлис есепті 4:4-ке жеткізді. Ал қосымша уақытта жағдай өзгермеген соң, барлық мәселе буллит сериясында шешілді. Нәтижесінде, екі мәрте нәтижелі соққы жаса­ған Роман Старченко «Барысқа» жаңа жыл­дағы алғашқы жеңісті сыйлады. Екі команда бүгін тағы да өзара бақ сынайды. egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар