дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 11:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ең үздік шетелдік атанды

Ең үздік шетелдік атанды
ашық дереккөзі
Ең үздік шетелдік атанды

Британиялық MTK Global промо­у­тер­лік компаниясы 2020 жылдың үздік боксшыларын анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша ком­панияның «Ең үздік шетелдік боксшысы» атағы қазақстандық Тұрсынбай Құлахметке бұйырды.

26 жастағы Сыр бойының сайыпқыраны әуесқой бокста да өз мықтылығын дәлел­деген. 75 кило салмақ дәрежесінде өнер көр­сеткен ол үш мәрте Қазақстан біріншілігінде топ жарып, 2017 жылы Бакуде өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңімпаз атанды. Одан кейін қандасымыз екі бірдей аса ірі халықаралық додаларда жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, 2019 жылы Бангкокта Азия чемпионы атанса, дәл сол жылы Екате­­ринбургте әлем чемпионатының қола ме­далін мойнына ілді.

Т.Құлахметтің кәсіпқой боксқа ауысқа­нына әлі бір жыл болмаса да, ол бүгінге дейін екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ал­ғаш­қы айқасында Сағадат Рахманқұлды техни­калық нокаутпен жеңсе, екінші кез­десуінде британиялық боксшы Маклей Макгоуэннен ұпай санымен басым түсті. Сондай-ақ бри­таниялықпен өткізген жекпе-жегінде WBC International белбеуін иеленді.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар