дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы техника қысқа дайын

Тараздағы техника қысқа дайын
ашық дереккөзі
Тараздағы техника қысқа дайын
Бүгін “Жасыл Ел - Тараз” ЖШС техникасының алдағы қыс маусымына дайындығы тексерілді. Шолу жүргізу барысында қала аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда төтенше жағдай туындамас үшін тазалық жұмыстарын атқаратын техникалардың ахуалы көңіл көншітерліктей деңгейде екенін анықталды. Жалпы, қардан тазалау және тұз аралас құм шашу жұмыстары жүргізілетін 76 көше бекітілген. Қосымша көшелерге зерделеу жұмыстары әлі де жүргізілуіне байланысты бұл көрсеткіш артатыны анық. Қазіргі таңда қорда бар 2 000 текше метр құм мен 800 тонна тұз биылғы қыстан қиындықсыз шығуға жеткілікті деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қала аумағындағы автомобиль жолдарына қыс мезгілінде күтім жүргізу жұмыстары үшін 51 бірлік қар тазалау техникасы ұсынылып отыр. Атап айтсақ, олар: - 25 бірлік қар күрейтін және құм аралас тұз себетін арнайы техника; - 4 бірлік тиегіш; - 2 бірлік автогрейдер; - 5 бірлік Камаз самосвалы; - 3 бірлік Газ-53 самосвалы; - 2 бірлік Зил самосвалы; - 5 бірлік МТ3 тракторы; - 5 бірлік МК-320 тракторы. “Қалалық әкімдік қажетті техникамен қамтамасыз етіп отыр. Сіздердің тараптарыныздан жұмыс уақытылы және тиянақты атқарылғанын талап етеміз. Әр жұмысшының жағдайы жасалып, жалақысы уақытылы берілгені басты назарда болуы керек,” - деді қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев. Сондай-ақ, қыс кезінде қала көшелерінде тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге 300-ге жуық қоғамдық жұмысшы жұмылдырылады. Бұл жұмысшылар қала аумағында орналасқан аялдама және басқада қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізетін болады. Жинақталған қар көлемі қала сыртындағы бос жер телімдеріне және ТҚҚ жинақтауға арналған полигонға шығарылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар