Заң
233 млн теңге жымқырған: Жамбыл облысында әкімнің экс-орынбасары мен 12 бухгалтер сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 28 желтоқсан, 2020
- 282
233 млн теңге жымқырған: Жамбыл облысында әкімнің экс-орынбасары мен 12 бухгалтер сотталды
Шу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары және 12 бухгалтер аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары К.И. Қожағаппановаға, аудан әкімдігі білім бөлімінің бас бухгалтері К. Ағыбаеваға және 11 бухгалтерге қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.
«Қожағаппанова бас бухгалтер К.С. Ағыбаевамен және 11 бухгалтермен алдын ала сөз байласу арқылы 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 233 146 525 теңге бюджет қаражатын аудан мектептері мұғалімдерінің жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру жәрдемақысы түріндегі карточкалық шоттарына негізсіз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен жымқырды деген күдікке ілінді», - делінген дапартамент хабарламасында.
Сондай-ақ, департамент 2020 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы Шу аудандық сотының үкімі шыққанын жеткізді. Атап айтсақ, К. Қожағаппановаға (ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша) 9 жылға, К. Ағыбаеваға (ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша) 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы және 11 бухгалтерге қатысты түрлі шешімдер шығып отыр.
«Қожағаппанова мен Ағыбаева Шу аудандық сотының залында қамауға алынды. Қожағаппанова өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Қалғандары әртүрлі мерзімдермен қаржы институттарында қызмет ету құқығынан айырылады», - делінген департамент мәлімдемесінде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз