сенбі, 28 желтоқсан, 2024 6:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақта газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

Байзақта газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды
ашық дереккөзі
Байзақта газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды
Оқиға туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«25 желтоқсан күні сағат 16:36-да Байзақ ауданында, «Алматы-Ташкент» тас жолының 597 шақырымында, жол бойында құрылысы басталған жем зауытының жұмысшыларға арналған асхана ретіндегі бейімделген гараж бокстарында газ баллоны (50л) жарылды. Салдарынан тұтанған өрт 150 шаршы метр алаңды шарпыды. Жарылыс салдарынан бокстардың бетон қабырғасы мен 2 ішкі кірпіш қалқандары қирады. Оқиға нәтижесінде 1966 және 1960 жылы туған азаматтар күйік алып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Өрт 17 сағат 02 минутта ауыздықталып, 17 сағат 22 минутта сөндірілді»,-делінген ведомство хабарламасында. Оқиға орнында ТЖ департаментінің 22 қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына жылжымалы өрт-техникалық зертханасы жөнелтілген.   Кәмшат ҚАДЫР

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар