сенбі, 23 қараша, 2024 19:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаулы талабын сақтамаған қордайлықтарға 9,6 млн. теңге айыппұл салынды

Қаулы талабын сақтамаған қордайлықтарға 9,6  млн. теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Қаулы талабын сақтамаған қордайлықтарға 9,6 млн. теңге айыппұл салынды

Коронавирус инфекциясының келуі мүмкін екінші толқынының алдын алуға мақсатында Қордай аудандық мобильді топ күндіз-түні рейд жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов жетекшілік ететін топ құрамына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және санитарлық қызмет өкілдері, сонымен қатар өзге де азаматтар кірді.

Мобильді топ мүшелері Қордай ауылындағы барлық тамақтану, сауда және қызмет көрсету орындарына барып, жаңа қаулыны түсіндіруде. Аталмыш құжатқа сәйкес тойлар, мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.

Алайда, күндізгі рейд жұмыстары барысында Қордай ауданындағы «Эдельвейс» мейрамханасы карантин талаптарын сақтамай, той өткізгендігі анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен мобильді топ арнайы барып, тойды тарқатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, Қаракемер ауылдық округінде той өткізуге дайындалып жатқан мейрамхана анықталып, өткізбеу туралы түсіндіру туралы жұмыстар жүргізілді.

Жалпы Қордай ауданында бүгінгі күнге дейін қаулы талабын бұзған 100 жеке және заңды тұлғалар анықталып, оның 58-не ескерту берілді. 42 хаттама толтырылып, 9 млн. 639 мың 660 теңгеге айыппұл салынды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар