Пәтерде "кездеспек" болған: Алматыда жас қызбен танысқан азамат қылмыс құрбаны болды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қазан, 2025
- 386
Алматы қаласында полицейлер желіде танысу тізбегі бойынша жасалған тағы бір тонау қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болды. Қысқа әңгімелесуден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі.
Алайда кездесудің ортасында пәтерге өзін қыздың "ағалары" ретінде таныстырған үш ер адам кіріп келіп, оның кәмелетке толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сондай-ақ олар оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз", – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.
МӘМС екінші өмір сыйлады: 6 баланың анасы аяққа тұрды
Ұқсас жаңалықтар
«Бірқатар қауіптер төмендетілді»: Бас прокурор Берік Асылов желіде жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2025
Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2025






